2023 жылғы 5 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Ардагерлерді ардақтайық» қайырымдылық акциясы өтті.
Шараның негізгі мақсаты - ардагерлер мен жастарды байланыстыру, қарт адамдарға және дәстүрге деген құрметті күшейту, патриоттық тәрбиені нығайту және еліміздің ертеңі жас ұрпақтың бойына, туған жерге, елге, халыққа деген сүйіспеншілікті арттыру.
Іс-шара барысында университеттің Қызметкерлер кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Ибраимов пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Берікжан Әлмұхамбетов және Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің директоры Дидарбек Ділдәбек акцияға қатысқан барша ерікті-студенттерге шабытты нұсқаулар жолдады. Акцияға қатысқан еріктілер мен белсенділер тобы университет ардагерлерін тұрғылықты мекенжайлары бойынша құттықтап, арнайы әзірленген сый-сияпаттарды табыстады. Өз кезегінде ардагерлер университет басшылығына және белсенділерге қолдау көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді.