1 қазан - Халықаралық қарттар күні. Қазіргі таңда елімізде зейнет жасындағы 2,3 миллионнан астам қарт бар. Мейрамның мақсаты - қарттардың қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін құрметтеу, тану, олардың проблемалары мен қажеттіліктеріне, өмір сапасын арттыруға назар аудару және қамқор болу. Университет қабырғасында бұл мереке дәстүрлі түрде аталып өтілуде.
Осыған орай, 2023 жылдың 9 қазан күні университетіміздің Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен «Қарттарым қазынам» қайырымдылық акциясы өтті. Мұндай ізгілікті шараларға ардагерлер дән риза.
Іс-шараға әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Берікжан Әлмұхаметов және университеттік қызметкерлер Кәсіподағының басшысы Мұхтар Ибраимов қатысып, ардагерлерге арналған азық-түлік себеттерін таратуға атсалысқан ерікті студенттерге сәттілік тіледі.