Бүгінгі жастар заманауи жаңа технология түрлерін белсенді түрде игеріп, күнделікті өмір салты мен мінез-құлқын өзгертіп қана қоймай, трендтегі алуан түрлі өнімдердің денсаулық үшін кері әсерін байқамай қалып жатыр. Мәселен, аз уақытта сәнге айналған электронды темекі көпшіліктің назарын аудартып, алаңдатып қойды. Сәнді дизайны мен ерекше хош иісі бар электронды темекіні тұтынатын вейперлер қауымы бұл өнімнің денсаулыққа зиянына бейқамдық танытуда.
2023 жылғы 12 қазанда Жаратылыстану және география институт география және экология кафедрасының ұйымдастыруымен білім алушылар арасында «Жастар арасындағы электронды темекіге құмарлық және оның зардаптары» тақырыбында ашық сұхбат кездесу өтті.
Кездесу модератор ретінде Алматы қалалық №1 емхананың терапевт-психологы Айганым Сабирова шақырылды. Кәсіби маман жастарға электронды темекінің шығу тарихы, құрамы мен жасалу технологиясы туралы арнайы дайындаған бейнеролик арқылы терең мағұлмат берді. Жастардың талқыланған мәселеге деген белсенділігі жоғары болып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына тұщымды жауап алды.