2023 жылғы 21-22 сәуірде Алматы қаласы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қабырғасында «6В013 - Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» (Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі) бағыты бойынша студенттердің XIV Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.
Олимпиада студенттердің болашақ мамандығына қызығушылығын арттыруға, дарынды жастарды анықтауға және қолдауға бағытталған. Оған республиканың барлық педагогикалық жоғары оқу орындарынан 25 команда қатысты.
Біздің университет атынан бастауыш білім беру кафедрасының 3 курс студенттерінен құралған екі команда қатысты.
«Бастау» командасының жетекшілері: Арынова Гүлжанар Ғабитқызы, Жұмаш Жанар Еркінқызы. Команда мүшелері: Асанова Аружан Бауыржанқызы, Шубай Аймерек, Құралбайқызы Гүлнұр, Жолдасхан Әсел Медеуқызы.
«Гармония» командасының жетекшілері: Лебедева Лариса Анатольевна, Аренова Асыл Хадыржанқызы. Команда мүшелері: Бутина Юлия Александровна, Дегтярева Кристина Викторовна, Кулакова Елена Андреевна, Шымыр Алуа Бақдәулетқызы.
Қатысушылар сынақтың төрт кезеңінен өтті:
- «Кәсіби құндылықтар» шығармашылық сайысы командалардың өздерін таныстыруы (команданың өкілі);
- «Білім беру кеңістігіндегі педагогикалық идеялар» зерттеушілік жоба қорғау сайысы (әр топ өз жобасын әзірлеп, қорғады);
- «Кәсіби білім сапасы» теориялық сайысы (бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі бойынша тест тапсырмалары);
- «Педагогикалық дизайн» практикалық сайысы (Үй тапсырмасы. Сабақтың қысқа мерзімді жоспары және бейне үзіндісі).
Қос команда университетімізді жақсы таныстырды, барлық конкурстық сынақтардан өтті, қойылымдар мәнді және есте қаларлық болды. Командалардың таныстырылымында бастауыш сынып мұғалімінің құндылықтары, қазақстандық білім беру жүйесі айқын көрсетілді. Жобалар мен бейнесабақтар тұтастығымен және дайындығымен ерекшеленді.
Олимпиада қорытындысы бойынша «Гармония» командасы (жетекшілері Лебедева Лариса, Аренова Асыл) 2 орынды иеленді.
Қазылар алқасы ұжым ұсынған «Балаға мектепте және үйде қолайлы білім беру ортасын құру үшін Hyflex технологиясын енгізу» жобасының практикалық бағытын және оның бастауыш сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына білім беру веб-сайты түрінде жүзеге асырылуын ерекше атап өтті.
Ұжым мүшелеріне жаңа белестерді бағындырып, шығармашылық шабыт тілейміз.