2022 жылғы 6-7 қазанда ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросы мен Кореяның ЮНЕСКО серіктестері білім беру және зерттеу ақпарат қызметі (KERIS) ұйымдастыруымен «Білім берудегі АКТ бойынша Орталық Азия симпозиумы (CASIE) 2022: Ауылдық және шалғай аудандарда АКТ арқылы дағдыларды дамыту» өтті.
Бұл іс-шараға 50 адам арнайы жиналды, оның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстан елдерінен келген білім министрлер, даму және жеке секторлар, халықаралық ұйымдар мен оқу орындарының өкілдері қатысты.
Симпозиум жұмысына университетімізден Кулсариева А.Т. мен Халитова И.И.қатысты. Баяндама материалдарын талқылау барысында цифрлық оқытудың проблемалары, және оның оң және теріс жақтары тұжырымдалды.
Симпозиумға қатысушылардың кездесуі нәтижесінде қабылданған ұлттық стратегиялық іс-қимыл жоспарлары АКТ көмегімен білім беру үдерісін қалпына келтіретіне сенім білдірді. Және де елдердің ауылдық және шалғай аймақтарындағы білім беру системасын өзгертуге ықпал ететінін атап өтті.