2021 жылғы с Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география институты «8D05101-Биологиялық және аралас ғылымдар» мамандығының 3 курс докторанты Бакиров Серік Түркия мемелекеті Киршехир Ахи Эвран университетінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.
Тағылымдаманың алғашқы күндері Киршехир Ахи Эвран университетінің проректоры Мустафа Курт және ауыл шаруашылығы факультетінің деканы Ахмет Казанкая жылы лебізбен қабылдап жұмыстарына назар аударып, сәттілік тіледі. Шетелдік жетекшісі Кадир Аканның басшылығымен және отандық жетекшілері Маденова А.К., Ғалымбек Қ., бірлесуімен жазылған «Аграрлық білім мен секторды іске асыру мүмкіндіктері (№:AHİLAB.A4.21.002)» жобасы аясында 4 университеттің зертханасы, 5 өсімдік бақтарын, 3 фирма, 5 зерттеу институттарына барып тәжірибе алмасу жұмыстары өткізілді.
Тағылымдама барысында диссертациялық тақырып аясында зерттеулер жүргізіп, бидайдың қара күйе ауруларының морфологиясын анықтау әдістері, астық тұқымдастары мен жеміс өсімдіктерінің тыңайтқыштарын қолдану, ДНК бөлу және ПТР әдістері, мәдени өсімдіктерді топырақсыз ортада өсіру әдістері, статистикалық мәліметтерді көрсетететін MiniTAB17 (One Away Anova) бағдарламасы, өсімдіктердің өнімін анықтайтын жаңа құрылғылар (GreensSeeker, SPAD-502) және өсімдіктердің электронды моделін көрсететін жаңа бағдарламалармен (AquaCrop, DSSAT, Cropsyst, CERES, WOFOST)жұмыс жасады.
Бакиров Серік Киршехир Ахи Эвран университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ басшылығы мен ұжымына осындай мүмкіндік бергені үшін алғысын білдіреді.