Нұрсұлтан мен Алматыда көп балалы отбасылардан шыққан талапкерлер мен АӘК алушыларға арналған қосымша білім беру гранттарының иегерлері анықталды.
Гранттар алуға өтініштер мен құжаттар бір уақытта бүкіл Қазақстан бойынша – 5-10 тамыз аралығында қабылданды. Олар ҰБТ нәтижелері бойынша конкурстық негізде берілді.
Қосымша грантқа ие болған Нұр-Сұлтандық талапкерлердің тізімі елордалық білім басқармасының сайтында жарияланған. Гранттарды 47 адам алды. Олар бес университетте білім алатын болады. Олардың ішінде:
-
Еуразия гуманитарлық институты «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша – 1 грант;
-
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша – 8 грант;
-
«Ақпараттық технологиялар» мамандығы бойынша Астана IT университеті – 11 грант;
-
«Астана» халықаралық университеті «Ақпараттық технологиялар» мамандығы бойынша – 10 грант);
-
Алматы Менеджмент Университеті, «Мейрамханалық бизнес және қонақ үй бизнесі» мамандығы – 17 грант.
Алматыдан қосымша грант иегерлерінің тізімі қала әкімдігінің сайтында жарияланған.
«Байқауға 129 талапкер қатысып, оның 102-сі грант иегері атанды», – делінген хабарламада.
Студенттер Алматыдағы сегіз жоғары оқу орнында білім алатын болады. Олардың ішінде:
-
Еуразиялық технологиялық университеті – 3 грант;
-
Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті – 1 грант;
-
Қазақ-Британ техникалық университеті – 6 грант;
-
Халықаралық бизнес университеті – 1 грант;
-
Алматы технологиялық университеті – 7 грант;
-
Қазақ спорт және туризм академиясы – 11 грант;
-
Қазақ ұлттық аграрлық университеті – 1 грант;
-
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті – 11 грант;
-
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – 12 грант;
-
Алматы энергетика және коммуникация университеті – 6 грант;
-
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті – 29 грант;
-
Алматы Менеджмент Университеті – 13 грант;
-
Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты – 1 грант.
Маусым айында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекет көп балалы отбасы балалары мен АӘК алушылар үшін қосымша 5 мың грант бөлетінін хабарлады.
23.08.2019
Дереккөз: informburo.kz