2018 жылдың 4 қазанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Еуразиялық педагогикалық университеттер қауымдастығының қолдауымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойы аясында «Үздіксіз педагогикалық білім беру мәселелері: дәстүр мен жаңашылдық» халықаралық форумы өткізілді.
Форумның мақсаты - қазіргі заманғы жағдайларда ТМД елдеріндегі үздіксіз педагогикалық білім беру және педагогикалық кадрларды даярлау жүйесін талқылау; үздіксіз педагогикалық білім беру саласында ғылым мен инновацияларды қолдаудағы интеграциялық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын жүзеге асыру үшін мемлекетаралық алаңды одан әрі дамыту.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі, Еуразиялық педагогикалық университеттер қауымдастығының құрамындағы университеттердің ректорлары, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының (Франция, АҚШ, Ұлыбритания, Австрия, Польша, Чехия, Жапония, Түркия, Украина және т.б.) ректорлары мен профессорлары, ғалымдар, ТМД және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының оқытушылары, Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттары қатысты.
Ректор Такир Балықбаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов және шетелдік жоғары оқу орындарының ректорлары құттықтау сөз сөйледі.
Форумды ректор Такир Балықбаев ашып, Еуразиялық педагогикалық университеттер қауымдастығының халықаралық форумының маңыздылығын атап өтті. Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов ректор мен университет қызметкерлерін, форумның барлық қатысушыларын Абай атындағы ҚазҰПУ-дың алдағы мерейтойымен құттықтап, білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің атынан құттықтау сөз сөйледі.
«Қазақстан Республикасының жетекші педагогикалық жоғары оқу орнының 90-жылдығы қарсаңында өткізіліп жатқан жоғары мектеп және оқу орындары оқытушылары форумының маңыздылығын бағаламау мүмкін емес, әсіресе қазіргі уақыттағы еліміздегі жоғары мектептер мен жоғары білім беру саласындағы өзгерістер енгізілу кезеңінде. Абай атындағы ҚазҰПУ мен Мәскеу педагогикалық университетінің бастамалары бойынша Еуразиялық педагогикалық университеттердің қауымдастығының құрылуы өте маңызды қадам болып табылады. Бұл ЕЭО елдеріндегі білім және ғылым саласындағы интеграцияға бағытталған бірінші мемлекетаралық қоғамдық ұйым. Еуразиялық қауымдастықтың қызметі ғылым және білім беру гуманитарлық кеңістігін табысты қалыптастыруға, ұлттық мәдениеттерді өзара байытуға, біздің елдеріміз арасындағы байланыстарды дамытуға және нығайтуға ықпал ететініне сенімдіміз...». Вице-министр сөз соңында университеттің дамуына шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тіледі.
Форум жұмысында Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балыкбаев,Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Алексей Лубков (Ресей), Максим Танк атындағы Белорусь мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Александр Жук (Беларусь), Х.Абовян атындағы Армян мемлекеттік педагогикалық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Srbuhi Gevorgyan (Армения) баяндама жасады.
Халықаралық форум барысында үздіксіз педагогикалық білім беру мәселелерін бірлесіп талқылауға ЕАЭБ елдерінен жетекші ғалымдарды тарту; әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасудың негізгі мәселелері бойынша үздіксіз ғылыми диалогты қамтамасыз ету; ұлттық білім беру жүйелері мен жоғары педагогикалық білім берудің негізгі үрдістері мен негізгі оқиғаларын анықтау; үздіксіз педагогикалық білімді дамыту бойынша стратегиялық ұсыныстар мен ұсыныстарды әзірлеу; ЕАЭБ елдерінің арасында жоғары педагогикалық білім беру сапасын жоғарылату саласында өзара әрекеттесудің тиімді модельдерін әзірлеуге жәрдемдесу; ЕПУҚ имиджін одан әрі қалыптастыру және нығайту; шетелдік ғылыми алмасуды кеңейту және педагогикалық жоғары оқу орындарының өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды.
Форум қатысушыларының пікірінше, Еуразиялық педагогикалық университеттер қауымдастығының халықаралық форум жұмысы нәтижелі және жоғары деңгейде өтті.
ЕПУҚ форумының пленарлық сессиясының стенограммасы