2019 жылы 23-24 қазан күндері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Жаратылыстану және география институтының биология кафедрасының ұйымдастырумен «Экология және биоалуантүрлілікті сақтау» тақырыбында Халықаралық ғылыми - практикалық конференциясы болып өтті.
23 қазанда конференцияның ашылуынан кейін секция жұмысының отырысы басталды. Конференцияны қорытындылау және қарарлар қабылдау 24 қазанда өтті. Іс-шараға келген қонақтарды ұйымдастырушылар комитетінің серіктесі - Ботаника және фитоинтродукция институты Бас ботаникалық баққа экскурсия жасауға шақырды.
Конференцияға Алан Калуев (Оңтүстік-Батыс университеті фармацевтика кафедрасының профессоры, PhD доктор, Чунцин, Қытай), Сергей Суматохин (п.ғ.д, профессор, биологияны оқыту тәсілі және жалпы биология кафедрасының меңгерушісі, Мәскеу қалалық педагогикалық университеті, Ресей), Мэлс Елеусизов («Табиғат» экологиялық қоғамның президенті), Құралай Карибаева (Экология және тұрақты даму институтының директоры), Анар Мырзағалиева (б.ғ.д., профессор, Астана Халықаралық университеті, Нұр-Сұлтан қаласы), Гүлнар Ситпаева (б.ғ.д., ҚР БҒМ Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры), Наталья Огарь (ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,б.ғ.д., «Терра» қашықтан зондылау және ГАЖ орталығы), Маратбек Сүлейменов (б.ғ.к., ҚР БҒМ Зоология институты директорының орынбасары) және т.б. жас ғалымдар қатысты. Конференцияға қатысушылар биоалуантүрлілікті сақтау жолдары мен перспективаларын талқылап, ой пікірлерімен бөлісті.