2021 жылы 8-10 сәуір аралығында Мәскеу қаласында (РФ) О.Е. Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң университетінің (ММЗА) 90 жылдығына орай Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтының, РҒА ҚҒҒАИ және Ресей заңгерлер қауымдастығының қолдауымен «Әлеуметтік-экономикалық даму және құқықтық ортаның сапасы» тақырыбында VIII Мәскеу заң форумы өтті.
Форумға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты құқықтану кафедрасының меңгерушісі Бурибаев Е.А., зерттеуші-профессор Хамзина Ж.А. және қауымдастырылған профессор Көшпенбетов Б.М. шақырылды.
Форум аясында 60-тан астам ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер, ғылыми-тәжірибелік семинарлар, заң ғылымы мен білім беруді дамытудың өзекті мәселелері бойынша жаңа жобалардың тұсаукесерлері ұйымдастырылды.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғалымдары конференцияда баяндама жасады, сондай-ақ кездесулер өткізіп, шетелдік әріптестермен одан әрі ғылыми ынтымақтастық мәселелерін талқылады.