2021 жылы 15 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ЮНЕСКО-ның білім беру ғылымы және мұғалімдерді дайындау кафедрасының ұйымдастыруымен «Тһе Impact Ranking Times Higher Education -тұрақты даму мақсаттары тұрғысынан әлемдік университеттер рейтингісі» онлайн-вебинар өтті.
Вебинарды стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева ашып, мазмұнды баяндама жасады.
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының бас хатшысы Анар Дүтбаева ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның ЖОО-мен жұмысына тоқталып, ҚазҰПУ-дың бұл саладағы нәтижелі жұмысын атап өтті.
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросының ұлттық сарапшысы Меиргуль Алпысбаева «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі университеттер мен жоғары білім беруді интернационалдандырудың рөлі» тақырыбында баяндама жасады.
Спикер және қонақ - ҚФУ Психология және білім беру институтының директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми кеңесінің мүшесі Айдар Калимуллин «Педагогикалық білім беру және халықаралық рейтингтер: Қазан федералдық университетінің кейсі» тақырыбында баяндама жасады.
ҚазҰПУ-дың Даму стратегиясы және сапаны талдау департаментінің жетекші сарапшысы Оразмұхамед Бекмұрат «ТДМ цифрлық трансформациясын дамыту: мүмкіндіктер мен сын-тегеуріндер» тақырыбында өз пікірімен бөлісті.
Спикерлердің барлық сөйлеген сөздері университеттер қызметінің сапасын бағалау көшбасшыларының бірі - "Times Higher Education (THE)" рейтингін арттыруға, университеттің көрсеткіштерін БҰҰ-ның 17 мақсатына сәйкес, оның ішінде, сапалы білім беруде іске асыруға бағытталды.
Вебинар соңында сұрақтар мен жауаптар түрінде пікірталас болды. Спикер және қонақ Айдар Калимуллин ҚазҰПУ-дың Қазақстанның білім беру жүйесіндегі және ҚФУ-мен ынтымақтастығындағы маңызды рөлін атап өтті. Сондай-ақ, ол өз тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін айтып, ҚазҰПУ ғалымдарын ҚФУ-ға шақырды.