Алматыда “Central Asia's Sustainable Development Goals in a Changing Global Order” форумы өтті.
2025 жылғы 19 қыркүйекте Алматы қаласында, «Ғылым ордасы» ғимаратында Қазақстан-Германия университетінің ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы және Рур университеттері альянсы (Германия) бірлесіп өткізген «Central Asia's Sustainable Development Goals in a Changing Global Order» халықаралық форумы өтті.
Форум ғылым, саясат, бизнес және халықаралық ұйымдардың өкілдері арасында стратегиялық диалог алаңына айналды.
Қатысушыларға құрметті сөзбен Ұлттық ғылым академиясының президенті, профессор Ахылбек Құрышбаев, Қазақстан-Германия университетінің президенті, профессор Волрад Роммель, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек (онлайн), Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің экологиялық мәдениет пен саясат департаментінің директорының орынбасары Наталья Даулетьярова (онлайн), Алматыдағы Германияның Бас консулы Маттиас Кислер, Рур университетінің (Бохум) ректоры, профессор Мартин Пауль және Германия Ғылыми қорының (DFG) вице-президенті, профессор Карин Якобс сөз сөйледі.