ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА БІРГЕ

3R және 6R тұжырымдамаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары және оларды Абай университетінде жүзеге асыру мүмкіндіктері

2025 жылғы 5 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология факультетінде «Экология және тұрақты даму» пәні аясында «Аяла» экоклубының белсенділері арнайы тренинг ұйымдастырды. Іс-шараға жалпы саны 130 студент қатысып, экологиялық тақырыптағы ойындар мен викториналар өткізілді. Студенттердің белсенді қатысуы олардың қалдық мәселесіне бейжай қарамайтынын көрсетті. Тренингтің негізгі мақсаты – 3R және 6R тұжырымдамаларының мәнін түсіндіру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау, сондай-ақ Абай университеті қабырғасында осы тәсілдерді жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыру арқылы қоршаған ортаға қалдықтардың теріс әсерін азайту. Іс-шараның миссиясы – студенттер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрақты даму идеяларын насихаттау. Тренинг барысында: университетте қалдықтарды азайту мақсатында 3R және 6R тұжырымдамаларын енгізу жолдары қарастырылды; екі тұжырымдаманың негізгі ұқсастықтары мен айырмашылықтары талданды; дәстүрлі 3R моделінен кеңейтілген 6R тұжырымдамасына көшудің маңыздылығы түсіндірілді; студенттердің экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Аталған іс-шара студенттердің экологиялық санасын нығайтып, университет қабырғасында тұрақты экологиялық тәжірибелерді дамытуға ықпал етті.

2025-12-05