«Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ ТДМ міндеттеріне қол жеткізу және іске асыру «Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ Тұрақты даму саласындағы саясаты негізінде 5 бағыт бойынша жүзеге асырылады: «адамдар» (барлық нысандардағы кедейлік пен аштықты жою және лайықты өмірге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету), «планета» (болашақ ұрпақ үшін планетамыздың климаты мен табиғи ресурстарын қорғау), «өркендеу» (табиғатпен үйлесімділікте өркендеуді және толыққанды өмір сүруді қамтамасыз ету), «бейбітшілік» (бейбіт, әділ және инклюзивті қоғамдастықтар құруға жәрдемдесу), «серіктестік» (тұрақты жаһандық ынтымақтастық арқылы күн тәртібін іске асыру).
7-ТДМ «Планета» және «Серіктестік» бағыттары аясында жүзеге асырылуда.
Университеттің білім беру қызметі – тұрақты дамудың басқа мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін негізгі қызмет.
7-ТМД тапсырмалары аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Дүниежүзілік банк байқауында ғылыми және ғылыми-техникалық қызметке қатысты. 2020 жылдың соңында «Жылу және электр энергиясын өндіру үшін микрогидравликалық және жел электр станциялары үшін кешенді технологияларды әзірлеу» жобасы аяқталды.
Дереккөз: https://www.un.org/sustainabledevelopment/ru/energy/
«Біздің күнделікті өміріміз сенімді және қолжетімді энергия қызметтеріне, сондай-ақ олардың үздіксіздігі мен әділ дамуына байланысты. Жақсы жобаланған энергетикалық жүйе бизнес, денсаулық сақтау және білім беруден бастап ауыл шаруашылығына, инфрақұрылымға, байланыс пен жоғары технологияларға дейінгі барлық секторларды қолдайды. Керісінше, энергиямен жабдықтау және энергияны түрлендіру жүйелеріне қолжетімділіктің жоқтығы адам мен экономиканың дамуына кедергі болып табылады».
«Қолжетімді және таза энергия көздері: бұл не үшін маңызды?» мақаласының толық нұсқасы. сілтеме бойынша қол жетімді: https://www.un.org/ru/development/devagenda/pdf/Russian_Why_it_matters_Goal_7_Clean_Energy.pdf
- Нииде университеті