«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КЕАҚ бойынша қызметі 2020-2021 оқу жылы
«Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ ТДМ міндеттеріне қол жеткізу және іске асыру «Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ Тұрақты даму саласындағы саясаты негізінде 5 бағыт бойынша жүзеге асырылады: «адамдар» (барлық нысандардағы кедейлік пен аштықты жою және лайықты өмірге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету), «планета» (болашақ ұрпақ үшін планетамыздың климаты мен табиғи ресурстарын қорғау), «өркендеу» (табиғатпен үйлесімділікте өркендеуді және толыққанды өмір сүруді қамтамасыз ету), «бейбітшілік» (бейбіт, әділ және инклюзивті қоғамдастықтар құруға жәрдемдесу), «серіктестік» (тұрақты жаһандық ынтымақтастық арқылы күн тәртібін іске асыру).
«Абай атындағы ҚазҰПУ» 3-ТДМ – жақсы денсаулық және әл-ауқат – университетте салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасы әзірленген (2021). Профилактикалық және шұғыл медициналық көмек көрсету үшін сауықтыру орталығы, атындағы оқу-спорт кешенінде жұмыс істейді. М.Әуезов атындағы және №1, №5, №10 оқу ғимараттарында алғашқы медициналық көмек көрсететін медициналық пункттер жұмыс істейді.
Денсаулық сақтау орталығында:
-
Жаббарханова Әлия Аббасқызы – терапевт.
-
Нұрбекова Гүлмира Масимжанқызы – терапевт.
Сауықтыру орталығының басты мақсаты – ұжымның денсаулығын жақсарту.
Сауықтыру орталығының жұмысы оқу процесін жүргізу үшін қолайлы жағдай жасауға, сонымен қатар студенттер мен қызметкерлер арасында сырқаттанушылықты азайтуға және алдын алуға бағытталған.
Университеттің сауықтыру пункті мен фельдшерлік пункттер қызметінің негізгі бағыттары:
-
жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін жедел және күтпеген аурулар, жарақаттар, уланулар және басқа да жазатайым оқиғалар кезінде қызметкерлер мен студенттерге жедел алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;
-
қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
-
қолда бар жабдықтарға сәйкес бастапқы диагностиканы жүргізу;
-
студенттерді медициналық тексеру нәтижелері бойынша ұсыныстардың орындалуын бақылау;
-
денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнамалық құжаттарға, университет әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне сәйкес жыл сайынғы медициналық тексерулер жүргізу;
-
студенттердің моральдық және физикалық денсаулығын сақтау және нығайту, рухани даму және өзін-өзі жетілдіру үшін қажетті қасиеттерді тәрбиелеу бойынша университеттің іс-шараларына қатысу;
-
университет аумағында эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
-
спорттық іс-шараларда студенттерді медициналық қамтамасыз ету;
-
санитарлық-ағарту жұмыстары.
Абай атындағы ҚазҰПУ студенттеріне медициналық көмек көрсету, оның ішінде медициналық тексеруден уақытылы өтуін бақылау және қамтамасыз ету де Денсаулық сақтау орталығында жүзеге асырылады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасы туралы толығырақ ақпаратты Абай атындағы ҚазҰПУ-дың сайтынан алуға болады: https://abaiuniversity.edu.kz/docs/4_.pdf
БҰҰ елдерге ұсынған 3-ТДМ бойынша міндеттер:
-
2030 жылға қарай дүниежүзілік ана өлімінің коэффициентін 100 000 тірі туғандарға шаққанда 70-тен төменге дейін төмендету.
-
2030 жылға қарай жаңа туған нәрестелер мен 5 жасқа дейінгі балалардың алдын алуға болатын өлім-жітімін тоқтату, бұл ретте барлық елдер неонаталдық өлімді 1000 тірі туылғанға шаққанда 12-ден аспайтын және 5 жасқа дейінгі өлім-жітімді 1000 тірі туғанға шаққанда 25-тен аспайтын деңгейге дейін азайтуды көздейді.
-
2030 жылға қарай ЖҚТБ (СПИД), туберкулез, безгек және ескерілмеген тропикалық аурулардың эпидемиясын тоқтату және гепатитпен, су арқылы таралатын аурулармен және басқа да жұқпалы аурулармен күресуді қамтамасыз ету.
-
2030 жылға қарай алдын алу және емдеу, психикалық денсаулық пен саулықты сақтау арқылы инфекциялық емес аурулардан болатын мезгілсіз өлімді үштен бірге азайту.
-
Психоактивті заттарға тәуелділіктің, оның ішінде есірткі мен алкогольді теріс пайдаланудың алдын алу мен емдеуді жақсарту.
-
2020 жылы бүкіл әлемде жол-көлік оқиғаларынан болатын өлім мен жарақат санын екі есе азайту.
-
2030 жылға қарай отбасын жоспарлау, ақпараттандыру және ағарту жөніндегі қызметтерді қоса алғанда, сексуалдық және ұрпақты болу денсаулығын сақтау жөніндегі қызметтерге және ұлттық стратегиялар мен бағдарламаларда ұрпақты болу денсаулығын сақтау мәселелерін есепке алуға жалпыға бірдей қол жеткізуді қамтамасыз ету.
-
Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуды, оның ішінде қаржылық тәуекелдерден қорғауды, сапалы негізгі медициналық-санитариялық қызметтерге қол жеткізуді және барлығына қауіпсіз, тиімді, сапалы және арзан негізгі дәрілік заттар мен вакциналарға қол жеткізуді қамтамасыз ету.
-
2030 жылға қарай қауіпті химиялық заттардың, ауаның, судың және топырақтың ластануы мен улануының салдарынан өлім мен аурудың санын едәуір қысқарту.
-
Қажет болған жағдайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясын барлық елдерде жүзеге асыруды жандандырсын.
-
Дамушы елдерге бірінші кезекте әсер ететін инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды емдеуге арналған вакциналар мен дәрілік препараттарды зерттеуге және әзірлеуге жәрдем көрсету, «ТРИПС және қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі келісім» Доха декларациясына сәйкес дамушы елдердің халық денсаулығын қорғау мақсаттары үшін икемділік көріністеріне қатысты Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімнің ережелерін толық көлемде пайдалану құқығы расталатын қымбат емес негізгі дәрілік заттар мен вакциналардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, атап айтқанда барлық дәрілік заттарға қолжетімділікті қамтамасыз ету.
-
Дамушы елдерде, әсіресе аз дамыған елдерде және шағын аралдық дамушы мемлекеттерде денсаулық сақтауды қаржыландыруды және медицина қызметкерлерін жалдауды, дамытуды, оқытуды және ұстауды айтарлықтай арттыру.
-
Барлық елдердің, әсіресе дамушы елдердің денсаулыққа қатысты ұлттық және жаһандық тәуекелдерді ертерек ескерту, тәуекелдерді азайту және басқару үшін әлеуетін арттыру.
Дереккөз: https://www.un.org/sustainabledevelopment/ru/health/
«Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатына жәрдемдесу гүлденген қоғам құру үшін маңызды. Дегенмен, соңғы жылдары адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгеніне қарамастан, медициналық көмекке қол жеткізудегі теңсіздік әлі де сақталуда. Жыл сайын 6 миллионнан астам бала бес жасқа толғанша қайтыс болады, ал дамушы аймақтардағы әйелдердің жартысы ғана қажетті медициналық көмекке қол жеткізе алады. Қорқыныш пен кемсітушілік адамдардың салауатты және өнімді өмір сүру үшін қажетті қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігін шектейтін АҚТҚ/ЖҚТБ (ВИЧ/СПИД) сияқты аурулардың эпидемиялары кең таралған. Денсаулық пен әл-ауқатқа қол жеткізу – адам құқығы, сондықтан Тұрақты даму күн тәртібі ең байлардың ғана емес, барлық адамдардың денсаулық пен күтімнің ең жоғары стандарттарына қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады».
«Денсаулық пен әл-ауқат: БҰЛ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ» мақаласының толық нұсқасына сілтеме: https://www.un.org/ru/development/devagenda/pdf/Russian_Why_it_matters_Goal_3_Health.pdf