ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА БІРГЕ

Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КЕАҚ бойынша қызметі 2020-2021 оқу жылы

«Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ ТДМ міндеттеріне қол жеткізу және іске асыру «Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ Тұрақты даму саласындағы саясаты негізінде 5 бағыт бойынша жүзеге асырылады: «адамдар» (барлық нысандардағы кедейлік пен аштықты жою және лайықты өмірге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету), «планета» (болашақ ұрпақ үшін планетамыздың климаты мен табиғи ресурстарын қорғау), «өркендеу» (табиғатпен үйлесімділікте өркендеуді және толыққанды өмір сүруді қамтамасыз ету), «бейбітшілік» (бейбіт, әділ және инклюзивті қоғамдастықтар құруға жәрдемдесу), «серіктестік» (тұрақты жаһандық ынтымақтастық арқылы күн тәртібін іске асыру).

Гендерлік теңдік мәселелері университет саясатында толығымен жүзеге асырылады. Әрбір студент жынысына қарамастан таңдаған мамандығына түсе алады.

Университеттің инфрақұрылымы екі жыныстағы студенттер мен қызметкерлердің қажеттіліктері мен талаптарын бірдей ескереді.

Университет басшылығы ерлер де, әйелдер де тең дәрежеде ұсынылған.

    5-ТДМ жету үшін қойылатын міндеттер:
  • Барлық әйелдер мен қыздарға қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою;
  • қоғамдық және жеке салалардағы барлық әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін, оның ішінде адам саудасы мен жыныстық және басқа да қанаушылық түрлерін жою;
  • Балалық, ерте және мәжбүрлі некеге тұру және әйел жыныс мүшелерін бүлдіру сияқты барлық зиянды әрекеттерді жою;
  • Ұлттық жағдайларды ескере отырып, коммуналдық қызметтерді, инфрақұрылымды және әлеуметтік қауіпсіздік желілерін қамтамасыз ету және үй шаруашылығында және отбасында ортақ жауапкершілік қағидатын ілгерілету арқылы ақысыз күтім мен үй шаруашылығындағы жұмысты мойындау және бағалау;
  • Әйелдердің саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге шешім қабылдаудың барлық деңгейінде толық және мағыналы қатысуын және көшбасшылық үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету
  • Халықтың қоныстануы мен дамуы жөніндегі халықаралық конференцияның іс-қимыл бағдарламасына, Бейжің іс-қимыл платформасына және олардың орындалу барысын қарау жөніндегі конференциялардың қорытынды құжаттарына сәйкес сексуалдық және репродуктивтік денсаулықты қорғау саласындағы қызметтерге және репродуктивтік құқықтарды іске асыруға жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету;
  • Әйелдерге экономикалық ресурстарға тең құқықтар беру, сондай-ақ ұлттық заңдарға сәйкес жерді және меншіктің басқа да нысандарын, қаржылық қызметтерді, мұраға қалдырылған мүлікті және табиғи ресурстарды иелену мен оларға билік етуге қол жеткізу мақсатында реформалар жүргізу;
  • Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесу үшін тиімділігі жоғары технологияларды, атап айтқанда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді пайдалану;
  • Гендерлік теңдікті көтермелеу және барлық деңгейдегі барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында ақылға қонымды стратегияларды және сақталуға міндетті заңдарды қабылдау және жетілдіру.

Интернет-ресурс: https://www.un.org/sustainabledevelopment/ru/gender-equality/

"Неліктен бұл маңызды? Әйелдер мен қыздар әлем халқының жартысын, демек оның әлеуетінің жартысын құрайды. Алайда, қазіргі уақытта барлық жерде гендерлік теңсіздік сақталады, бұл әлеуметтік прогрестің тоқырауына әкеледі. 2014 жылғы мәліметтерге сәйкес, 143 ел өз конституцияларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне кепілдік берді, бірақ тағы 52 ел бұл қадамды жүзеге асыруы керек"

«ГЕНДЕР ТЕҢДІГІ: БҰЛ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ» мақаласының толық нұсқасы сілтемеде: https://www.un.org/ru/development/devagenda/pdf/Russian_Why_it_matters_Goal_5_GenderEquality.pdf