«Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ ТДМ міндеттеріне қол жеткізу және іске асыру «Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ Тұрақты даму саласындағы саясаты негізінде 5 бағыт бойынша жүзеге асырылады: «адамдар» (барлық нысандардағы кедейлік пен аштықты жою және лайықты өмірге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету), «планета» (болашақ ұрпақ үшін планетамыздың климаты мен табиғи ресурстарын қорғау), «өркендеу» (табиғатпен үйлесімділікте өркендеуді және толыққанды өмір сүруді қамтамасыз ету), «бейбітшілік» (бейбіт, әділ және инклюзивті қоғамдастықтар құруға жәрдемдесу), «серіктестік» (тұрақты жаһандық ынтымақтастық арқылы күн тәртібін іске асыру).
16-ТДМ «Бейбітшілік» бағыты бойынша жүзеге асырылуда. Университетте Құқықтық жұмыс және сатып алуды ұйымдастыру басқармасы бар. Бұл Басқарманың негізгі мақсаты «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының кешенді қызметін қамтамасыз ету бойынша құқықтық (заңдық) жұмыстарды және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, басқару және бақылау болып табылады.
Дереккөз: https://www.kaznpu.kz/ru/2791/page/
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесіп, «Sanaly Urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің типтік жоспарына сәйкес университеттің кешенді жұмыс жоспары әзірленіп, бекітілді және департамент басшысымен келісілді.
Дереккөз: http://anticor.kaznpu.kz/ru/acts/
Университетте «Парасат» орталығы жұмыс істейді.
Мақсат:
Сыбайлас жемқорлық сұрақтарында құқықтық талаптарға және халықаралық нормаларға толық сәйкестікті қамтамасыз ету, соның негізінде қаржылық шығындардың қаупінен арылу және басқа оқу орындармен бәсекелестікте артықшылықтарға қол жеткізу, сонымен қатар, Университет өз қызметін этикалық нормаларға толық сәйкес атқаратындығына көз жеткізу.
Дереккөз: http://anticor.kaznpu.kz/ru/page/83/
Дереккөз: https://www.un.org/sustainabledevelopment/ru/peace-justice/
«Бұл мақсаттың мәні неде?
Бұл мақсат тұрақты даму үшін бейбіт және ашық қоғам құруға жәрдемдесу, барлығының сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін және қатысуға негізделген институттарды құру болып табылады.
Ол не үшін?
Бейбіт, әділ және инклюзивті қоғамдарды құру Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу үшін маңызды. Дүние жүзіндегі адамдар зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен қорықпай, этникалық тегіне, сеніміне немесе жыныстық бағдарына қарамастан өз өмірлерін қауіпсіз сезінуі керек. ТДМ мақсаттарына қол жеткізу үшін сапалы білім мен денсаулық сақтауды, әділ экономикалық саясатты және инклюзивті қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге қабілетті тиімді және бірлескен мемлекеттік институттар қажет».
«Бейбітшілік, әділдік және күшті институттар: бұл не үшін маңызды» мақаласының толық мәтіні мына жерде: https://www.un.org/ru/development/devagenda/pdf/Russian_Why_it_matters_Goal_16.pdf